Әміре Қашаубаевтың туғанына 135 жыл
- Кенжешова. Н.К
- 6 февр. 2023 г.
- 1 мин. чтения
Төменгі Қайрақты ауылдық кітапханасында 7 ші ақпан сағат 12: 00 де
Әйгілі әнші, 1925 жылы Париж қаласында өткен бүкіләлемдік көрмеде этнографиялық концерттің күміс медальінің жүлдегері Әміре Қашаубаевтың туғанына 135 жыл толуына орай
Хасен Сәрінжіпұлы атындағы ЖББМ-нің 3 сынып оқушыларының қатысуымен
«Ән падишасы - Әміре» тақырыбында ауызша - журнал іс шарасы өтті.
Ауызша журнал 5 беттен тұрады:
1- ші беті: Әміре Қашаубаевтың өмір жолы;
2 - ші беті: Әміренің ән өнеріне келуі;
3 - ші беті: Экспо көрмесіне алғаш шыққан қазақ;
4 -ші беті: Әміре туралы пікірлер;
5 - ші беті: Әміре туралы жазылған шығармалар.
Іс - шара барысында кітапханашы
Н. Кенжешова Әміре Кашаубаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы толық ақпарат беріп, блум текшесі арқылы викториналық ойын ойнатылып, іс - шара кері байланыс әдісімен қорытындыланды.



https://www.instagram.com/p/CoW6TeOso8F/?utm_source=ig_web_copy_link
Недавние посты
Смотреть все25 қазан Республика күні - тек тарихи оқиға емес, ол елдің бірлігі мен егемендігінің белгісі. Осы орайда Төменгі Қайрақты ауылдық...
Comments