ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
Кітап маған тақтанда қымбат. | Кітап — ақылды қуаттандыратын құрал. | Кітап – үйдің ашулы тұрған терезесі. |
---|---|---|
Кітап - алтын қазына. | Кітап — асып-таспайтын асыл досымыз. | Кітаппен дос бол. |
Оқы, оқы және оқы. |
БІЗ ЖАЙЛЫ
Төменгі Қайрақты ауылдық округінің тұрғындар саны статистикалық есептер бойынша 1015 адамды құрайды. Ал осы халықтың білімін, сауаттылығын арттыру, мәдениеттілігін қалыптастыру мақсатында Қайрақты ауылында кітапхана жұмыс істеуде. Ауылдық кітапхана Ахметұлы Сухибек 1/1 көшесі, Әкімшілік ғимаратында орналасқан.
1958 жылдан бастап Мәдениет үйінің ғимаратында. Көлемі -59 ш/м.
2009 жылы ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сол кезеңдерде кітапханашы болып Мукашева Бақыткүл қызмет етті. 2011 жылы Ағадыр кентіндегі С.Сейфулин атындағы балалар кітапханасына ауысып, орнына Жексембекова Ақерке келді. 2013 жылы Ақерке өз еркімен жұмыстан босатылып, кітапханашы болып Ибрайбекова Әйгерім орналасты. Осы жылдың 1-ші шілдесінен бастап Кенжешова Назерке жас маман ретінде Жоғарғы Қайрақты жылжымалы кітапханасына кітапханашы болып орналасып,Төменгі Қайрақты ауылдық кітапханасында қызмет атқаруда. Ж.Қайрақты ауылдық кітапханасының кітап қоры осы кітапханаға көшірілді...