"Бір ел бір кітап" акциясы аясында "Менің атым қожа" повесін талдау.
Төменгі Қайрақты ауылдық кітапханасы 11-қыркүйек күні сағат 15- 00 де"Бір ел- бір кітап акциясы аясында Бердбек Соқпақбаевтың "Менің атым қожа" атты повестьіне талдау жасалды. Кітапханмыздың жас оқырмандары повестьің кейіпкерлері жайында айтып, оларға кері байланыс сұрақтары қойылды. 1.Өзіңде осындай Қожаның басында болған сәттер кездестіме? 2.Егер сен Қожаның орнында болсаң қайтер едің? 3.Қалай ойлайсың қазіргі кезде Қожа секілді балалар барма? деген сұрақтарға жас оқырмандар өз ойларымен бөлісіп, еркін түрде сұхбат жасалды. Жалпы шара қызықты, еркін форматта жүргізілді. Мақсаты: Бердбек Соқпақбаев"Менің атым қожа " туралы шығарманы жазғандағы ең басты идеясы секілді жақсылыққа, өмірде өз жолдарын адаспай таба білуге тәрбиелеу.
Comments