Әдеби-танымдық "Абай" клубы аясында:
- Кенжешова Н.К.
- 26 февр. 2024 г.
- 1 мин. чтения
Ауылдық кітапханада 27 ақпан сағат 14:30 да Әдеби-танымдық «Абай» клубы аясында клуб мүшелерінің қатысуымен «Жүрегімнің түбіне терең бойла» тақырыбында қара сөз оқу марафоны өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы Н. Кенжешова кіріспе сөз сөйлеп ашып, Абайдың өмірі мен шығармашылығынан мол мағлұмат беріп кетті. Клуб мүшелері Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа айтты. QR код көмегіне сүйене отырып, «Абайдың қара сөздері - тәрбиенің қайнар көзі» тақырыбында инсталяциялық көрме жасақталды. Көрмеге: Абай Құнанбайұлының кітаптары, «Абайдың дара тағылымы» лэпбук, «Абайдың музейі» додокаэдыр, «Абайдың қара сөздері» понарама, «Абай Құнанбайұлы» атты кино лента көрнекіліктері клуб мүшелеріне таныстырылды.
Мақсаты: Оқушыларға Абайдың қара сөздерін терең меңгерту, тәрбиелік мәнін түсіндіру, сөз өнерінің қыр - сырымен таныстыру. Халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, дәстүр мен жаңашылдық, оның адамзат тарихы мен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру.



Недавние посты
Смотреть все25 қазан Республика күні - тек тарихи оқиға емес, ол елдің бірлігі мен егемендігінің белгісі. Осы орайда Төменгі Қайрақты ауылдық...
Comments