"Қолөнер - мол өнер" үйірмесі аясында:
- Кенжешова. Н.К
- 24 янв. 2024 г.
- 1 мин. чтения
Ауылдық кітапханада 24 қаңтар сағат 15:00 де «Қолөнер - мол өнер» үйірмесі аясында үйірме мүшелерінің қатысуымен «Жастық шаққа өнер тән, өнерлінің ісі сән» тақырыбында иллюстрациялық көрме ұйымдастырылды.
Мақсаты: бүгінгі жас ұрпақты өз халқының өнегесіне, әдет-ғұрпына сай еңбекқорлыққа, жан-жақты икемділікке, іскерлікпен шеберлікке баулу. Үйірмеде кітапханашы Н. Кенжешова
Power Point бағдарламасында көбелектің дизайны жасап, түрлі-түсті принтерден шаблонын шығарып кесіп алып, ламинатор аппаратына көбелектер плёнкаға салынып, ламинатталып үйірме мүшелері көбелектерді қиып, ыстық клей арқылы таяқшаларға жабыстырды. Нәтижесінде көбелектен букет жасалынды. «Қуыршақ үйі», «The ADDAMS Энид FAMILY» қыз балаларға арналған липучкалы ойындар дайындалды.
Іс-шара соңында үйірме мүшелерімен естелік суретке түсіп, көбейту кестесі брелоктары табысталды.



Недавние посты
Смотреть все25 қазан Республика күні - тек тарихи оқиға емес, ол елдің бірлігі мен егемендігінің белгісі. Осы орайда Төменгі Қайрақты ауылдық...
Comments