Төменгі Қайрақтоы ауылдық кітапханасында
3 маусым сағат 15: 00 де 4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттіку Рәміздеріне 30 жыл толуына орай " Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбынды, Туымен тұғырлы" тақырыбыгнда бұрыш жасақталып, "Тарих аясында үш Рәміз" тақырыбында әдеби - музыкалық композиция болып өтті Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары және Төменгі Қайрақты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Рымбек Әлібек Сағатұлы және Кокжалова Ұлпан Кадірқызы қатысты. Іс шара мақсаты: оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын қадірлеуге, әрқашан жоғары ұстауға, қорғауға және ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Іс шара мемлекеттік Әнұранымен басталды. Кітапханашы Ибрайбекова Айгерім өз сөзінде мемлекеттік Рәміздер әр елдің тәуелсіздігін білдіретін, елдікке шақыратын, тұтастықта ұйыстыратын, бірлікке үндейтін, патриоттық сезімді оятатын айшықты белгілер болып саналады, әрбір азамат оны білуі әрі құрметтеуге міндетті екенін атап өтті. Кітапханашы Кенжешова Назерке қатысушыларға Рәміздердің маңыздылығы, шығу тарихы туралы викториналық ойын ойнатып, Сәмен Әлихан " Жеті қазына" әнін орындады. Сергіту мақсатында " Қара жорға" биін билеп, оқушылар өлеңдер оқыды. Шара соңында қатысушыларға алғыс айтылып, сый - сияпат көрсетіліп, оқырмандар кітап жаздырып алып тарқады.
Comments