top of page

Төменгі Қавйрақты ауылдық кітапханасында

17 наурыз - "Тарихқа тағзым күні" ауылдық кітапханада сағат 12:00 де Хасен Сәрінжіпұлы атындағы ЖББМ - нің 8 - сынып оқушыларының қатысуымен қазақ тіл білімінің негізін салушы, халқын "Маса" боп шағып, оятып, оқу - білімге шақырған қоғам қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай "Тіл білімнің атасы" тақырыбында кітапханалық квилт ұйымдастырылды. Кітапханашы А.Ибрайбекова алдымен оқырмандарға "квилт" сөзінің мағынасымен таныстырып өтті, яғни "квилт" сөзінің мағынасы құрақ дегенді білдіреді. Квилтте Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы, суреттері, нақыл сөздері ілінген. Осы кітапханалық квилт арқылы ақын туралы көбірек мәлімет беруге тырыстық. Кітапханаға келген оқырмандар квилтпен танысып, Ахмет Байтұрсынұлы туралы өз білетіндерін параққа жазып, стендке іліп жатты. Мысалы: 8 сынып оқушысы Қапасова Аянат биыл Ахмет Байтұрсыновқа 150 жыл толмақшы. Ол кісінің тіл біліміне сіңірген еңбегі мол. Алғаш қараңғы қазаққа әліппе оқулығын жазған. Ар - намысты әрдайым биік қойған ұлы тұлға. Репресияға ұшырағандардың қатарында болды деп жазса, Балтабай Алуа Ахмет Байтұрсынұлы халық есінде мәңгі қаларлықтай тұлғаның бірі. (1872 - 1937) жылдар аралығында өмір сүрген. Қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінде және тарихта ойып тұрып орын алады. Бұл кісінің шығармалары баршамызға таныс болар. Алғашқы шығармасы "Қырық мысал" болған. Ал танымал шығармаларының бірі "Маса" орыс әдебиетінде көптеген мысалдарды аударды деп жазды. Кітапханашы Н.Кенжешова "Алаштың біртуар азаматы" тақырыбында QR кодты кітап көрмесімен таныстырып, QR код құрастырудың әдіс - тәсілдері түсіндірілді. "Қырық мысал" кітабын QR кодтау арқылы Серік Ерсұлтан "Замандастарыма" атты өлеңін оқып заманауи QR кодтау тәсілінің қыр сырын меңгерді. Шара соңы оқырмандарға ынталандыру сыйлықтарын табыстаумен аяқталды.





Comments


Избранные посты
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Тегов пока нет.
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page