"Туған жерге тағзым" бағдарламасы аясында ұстаз Шәкиржанова Рымбала Боқанқызын еске алу кеші.
- Кенжешова. Н.К
- 19 нояб. 2023 г.
- 1 мин. чтения
Төменгі Қайрақты ауылдық кітапханасы 20-шы қараша сағат 15:00де “Туған жерге тағзым” бағдарламасы аясында ауылымыздың тумасы ұлағатты ұстаз мектеп директоры,аудандық мәслихат депутаты болған Шәкиржанова Рымбала Боқанқызын еске алу мақсатында “Ұстаз есімі биік,әрі мәңгілік” атты еске алу кеші өткізілді.Еске алу кешіне әріптес құрбысы Жанжұманова Ағайша Жаманқұлқызы
Сіңілісі: Гүлден Боқанқызы ,Ауылдасы әрі әріптесі Ибрагимова Дәрігүл Мұқанқызы сонымен қатар әкім апаратының маманы әрі шәкірті болған Әлібек Сағатұлы қатысып,өз ойларымен бөлісті.Жұрт жадында ұлағатты ұстаз,білікті басшы,еліне сыйлы жанашыр жан жайлы бірқатар естеліктер айтылды.Жақсының аты өшпейтінінің дәйекті дәлелі Рымбала Боқанқызы елінің есінде мәңгі қалады. “Ұстаз бейнесі мәңгі жадымызда”.

Недавние посты
Смотреть все25 қазан Республика күні - тек тарихи оқиға емес, ол елдің бірлігі мен егемендігінің белгісі. Осы орайда Төменгі Қайрақты ауылдық...
Comments