Көрнекті қоғам қайраткері Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 155 жыл.
- T.kairakty kitaphana
- 11 мар. 2021 г.
- 1 мин. чтения
Төменгі Қайрақты ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 11 наурыз сағат: 1200 де Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт – азатттық және «Алаш» қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым, ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпейтін із қалдырған ұлы тұлға Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына орай «Алаш арысы» тақырыбында кітап көрмесі және «Әлихан Бөкейханов – қазақ ұлтшылдығының саяси көсемі» тақырыбында ауызша журнал ұйымдастырылды. Ауызша журналға Хасен Сәрінжіпұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасындағы тірек мектебінің 7 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
Ауызша журнал 10 беттен тұрды:
1 – бет. Шығу тегі;
2 – бет. Білімі;
3 бет. Қарқаралы петициясы;
4 – бет. Тұтқындалған депутат;
5 – бет. Шетелдегі қызметі;
6 – бет. Шығармашылық жұмыстары;
7 – бет. Толқынды 1917 жыл;
8 – бет. 20 жылдардағы тұтқындау;
9 – бет. Ату жазасы;
10 – бет. Отбасы.
Іс шара соңында Қапасова Аянат жаңадан келіп түске әдебиеттерден «Есетілктегі Алаш» кітабын, Медиева Айзат «Әлихан Бөкейханов» шығармалары жинағының 1 томдық кітабын жаздыртып алды.



Суреттерді инстаграммнан көре аласыздар: https://www.instagram.com/p/CMjo2TZJpdL/?utm_source=ig_web_copy_link
Недавние посты
Смотреть все25 қазан Республика күні - тек тарихи оқиға емес, ол елдің бірлігі мен егемендігінің белгісі. Осы орайда Төменгі Қайрақты ауылдық...
Comments