Балалар кітабы апталығы қорытындысы.
- T.kairakty kitaphana
- 6 апр. 2021 г.
- 1 мин. чтения
Сәуір айында басталған Балалар кітабы апталығы эссе жазу байқауымен аяқталды.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, 2021 жыл Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы деп жариялануына орай "Үздік балалар шығармасы" бойынша "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке 30 жыл" атты мектептің 6-9 сынып оқушылары арасында эссе байқауы өтті.
Бауқауды өткізудің мақсаты балалардың оиларын жинақтай отырып, жүйелі, сауатты жазуға бейімдеу.
Байқау ережесі жазылып , 2021 жылдың 15-25 наурыз күндері аралығында өтінім қабылдандв.
Байқауға 4 үмітке өтінім берді.
Үміткерлер байқау шарты бойынша эсселерін ұсынды. Арнайы тағайындалған әділ-қазылар мүшелері эсселерді тексеріп, мазмұны мен жүйелігіне, сөздік қоры мен сауаттылығын ескере отврып жеңімпаздарды анықтады.
7 сәуір күні ауыл кітапханасына қатысушыларды бет перде киіп келулерін сұрап, шақырту жіберілді.
Байқау жеңімпаздары I, II, III орындар арнайы дипломдармен, қатысқаны үшін алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтармен марапатталды.
ҚАТЫСУШЫЛАРҒА АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ!!!



Байқау боиынша бейнероик даиындаған болатынбыз осы сілтемеден көруге болады: https://www.instagram.com/tv/CNXrokmpuan/?utm_source=ig_web_copy_link
Недавние посты
Смотреть все25 қазан Республика күні - тек тарихи оқиға емес, ол елдің бірлігі мен егемендігінің белгісі. Осы орайда Төменгі Қайрақты ауылдық...
Comments