top of page
Поиск

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні.

  • Фото автора: T.kairakty kitaphana
    T.kairakty kitaphana
  • 7 мар. 2021 г.
  • 1 мин. чтения

Обновлено: 28 апр. 2021 г.

Бәріміз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл – бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Осы кермет күнге орай 4 наурыз күні сағат 1200 де Төменгі Қайрақты ауылдық кітапханасында «Шаңырақтың шаттығы мен шуағы» тақырыбында дивертисмент кеші ұйымдастырылды. Бұл шараның негізгі мақсаты: Адамзат баласын жарық дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру. Балалардың анаға деген құрметін, балалық сезімдерін сөз арқылы жеткізе білуге тәрбиелеу.Кешке Хасен Сәрінжіпұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасындағы тірек мектебінің 3 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Ильясова Ляззат Маратқызы және мәдениет үйінің қызметкері және кітапханамыздың тұрақты оқырманы асыл әже Конкишева Сәуле Утебаевна қатысты.Кеш «Кішкентай аспаз бен тігінші» көрінісімен ашылды.Кештің жүргізушісі кітапханашы Кенжешова Назерке барша абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымызды мерекемен құттықтап, алғашқы сөз кезегін 3 сынып жетекшісі Ильясова Ляззат, Мәдениет үйінің меңгерушісі Жакупова Меруерт Оңғарбайқызына және Конкишева Сәуле Утебавна қыз келіншектерді мерекесімен құттықтап жылы лебіздерін білдірді. Кештің әдеби бөлімінде 2 сынып оқушылары анаға арнап өлеңдерін оқыса, кітапхананың тұрақты оқырманы 3 сынып оқушысы Қалдыбай Жанай Алмасұлы аналарымздың құрметіне «Мама» әнін шырқады.Кеш соңында бәйшешек ойыны ойнатылып, оқушылар арнайы мерекеге әзірленген «Анаға тілек» қорапшасына өздерінің тілектерін жазып қалдырды. Оқырмандарға сыйлықтар табысталып, естелік суретке түсіп мерекелік көңіл күймен тарқасты.





https://www.instagram.com/tv/CMMBT7upB7y/?utm_source=ig_web_copy_link

 
 
 

Недавние посты

Смотреть все
25 қазан Республика күні.

25 қазан Республика күні - тек тарихи оқиға емес, ол елдің бірлігі мен егемендігінің белгісі. Осы орайда Төменгі Қайрақты ауылдық...

 
 
 

Comments


Избранные посты
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page