top of page
Поиск

22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні.

  • Фото автора: T.kairakty kitaphana
    T.kairakty kitaphana
  • 17 мар. 2021 г.
  • 1 мин. чтения

Төменгі Қайрақты ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 18 ші наурыз күні сағат: 11 00 де «Наурыз мерекесі кітапханада» тақырыбында әдеби –сазды кеш ұйымдастырылды. Аталмыш іс - шараға

Хасен Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің 7 – ші сынып оқушылары және әкім аппаратының бас маманы Амирова Зинаш Зейнелқызы ,Сүлейменова Салтанат қатысты.


Кітапханашы Кенжешова Назерке «Наурызым құт берекем» атты кітап көрмесіне шолу жасаса кітапханашы Ибрайбекова Айгерім әдеби сазды кешті жүргізіп, кітапхананың тұрақты оқырманы Шегебай Аманбол Қыдыр ата болып бата беріп, Медиева Айзат күн болса , Атакова Сәбина түн , Серік Ерсұлтан Қожанасыр кейіпкерінің ролін сомдады.


Қапасова Аянат «Наурыз думан» әнін шашу етті. Биші қыздарымыз Мұратқызы Аружан мен Балтабай Алуа «Бақыт құсы» биін биледі. «Орамал тастамақ» ойыны ойнатылып, салт дәстүрге байланысты сұрақтар қойылды. Қатысушы оқырмандар белсене қатысып, сұрақтарға жауап берді. Кеш соңында оқырмандар өздеріне кітап жаздырып алып, арнайы дайындалған науырыз көжеден дәм татып , ризашылықтарын білдіріп тарқасты.



Суреттерді осы сілтеме арқылы көруге болады: https://www.instagram.com/p/CMl04s2JmIU/?utm_source=ig_web_copy_link

 
 
 

Недавние посты

Смотреть все
25 қазан Республика күні.

25 қазан Республика күні - тек тарихи оқиға емес, ол елдің бірлігі мен егемендігінің белгісі. Осы орайда Төменгі Қайрақты ауылдық...

 
 
 

Comentarios


Избранные посты
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page