top of page
Поиск

2021 жыл "Балалар әдебиеті" жылы.

  • Фото автора: T.kairakty kitaphana
    T.kairakty kitaphana
  • 31 мар. 2021 г.
  • 1 мин. чтения

1 сәуір Балалар кітабы апталығының бірінші күнімен тұспа-тұс келген Халықаралық құстар күні мерекесіне орай сәуір айының 1жұлдызында

сағат 15:00 де Төменгі Қайрақты ауылдық кітапханасында "Құстар әлемі" тақырыбында бұрыш жасақталып,

"Қанатты достарымызға қамқор болайық" тақырыбындаХасен Сәрінжіпұлы атындағы тірек мектебінің

1 сынып оқушыларымен әңгіме өткізілді.

Кішкентай оқырмандарымыз індетке байланысты сақтық шараларын сақтады.

Әңгіме жүргізуіміздің басты мақсаты: оқушылардың құстар әлемі құпиясы туралы түсініктерін кеңейтіп, ой өрістерін дамыту. Негізінен қанатты достарға қамқор болуға, оларды аялап баптауға бейімдеу.

Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін ашу, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыларын қалыптастыру. Әсем құстармен таныстыру.

Кішкетай оқырмандарымыз құстар туралы көп мағлұмат алып, әр-түрлі сұрақтарға жауап бергені үшін ынталандыру сыйлықтарын алып, ұнаған кітаптарын қызыға оқып, үйге кітап жаздырып алды.

Алған әсерлерімен бөлісіп, қуанышты көңіл-күймен тарқасты.




Іс шарадан көріністі біздің инстаграмм парақшамыздан көре аласыздар:

https://www.instagram.com/tv/CNIXxT5JjFY/?utm_source=ig_web_copy_link

 
 
 

Недавние посты

Смотреть все
25 қазан Республика күні.

25 қазан Республика күні - тек тарихи оқиға емес, ол елдің бірлігі мен егемендігінің белгісі. Осы орайда Төменгі Қайрақты ауылдық...

 
 
 

コメント


Избранные посты
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page