top of page

БИБЛИОПОСТ Төменгі Қайрақты ауылдық кітапханасы Қазақстан Республикасының Конститутциясының шығу тар


Ұлы дала халқының тұрмыс тіршілігінің рет тәртібі салт дәстүрінің негізінде түзелген жеті жарғы қазақ елінің нағыз әділ Контитуциясы болды. Қазақ халқының құқықтық заңының бірінші кезеңі Қазақ елінің патшалық Ресейдің отарында болған 18- ғасырдан бастап, 20-шы ғасырдың алғашқы кезеңін алады. Ал екінші кезең, ол Кеңестік социалистік республикалық заманы еді.Үшінші кезең қазақ елі Тәуелсіздік алған 1990 –шы жылдан басталады.Отарлық заман мен Кеңес одағы заманында қазақтың құқықтық әділет заңдары, патшалық Ресейдің отарлау саясатына және қызыл империяның идеологиясына сәйкес болды. 1991 –ші жылдың 16-шы желтоқсанында Қазақстан жоғарғы кеңесі Республикамыздың тәуелсіздігімен егемендігі туралы заң қабылдады . Бұл тарихи құнды құжат,Тәуелсіз мемлекетіміздің конституциялық құқықтық негізін қалады. Осы сәттен бастап дербес ел болып іргеміз бекітіліп, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жер жаһанға жария етілді.Қазақстан Республикасының жоғарғы кеңесі дауыс беру арқылы1993-ші жылы 28-ші қаңтарда Қазақстан Республикасы алғашқы ата заңын қабылдады.Бұл басты құжат ұлттық мемлекеттік тәуелсіздікті құрудың негізін қалай отырып, мемлекеттік басқару жүйесінің құрылымдық реформаларының бастауы болды Бұл Конституция Президентің позициясын күшейтті.Осы құжат қабылданған соң Президент тек қана мемлекетің емес, елдің атқарушы билігінің біріңғай жүйесінің басшысы болды.Қабылданған осы бас құжаттың кейбір баптарына өзгерістер мен толықтыруларенгізіліп ,1995-ші жылы30-шы тамызда ата заңымыз қабылданды. Бұл Конституцияны еліміз Преферендиум арқылы қабылдап мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңінің арасына алтын көпір салынды.Ата заңымызда адамдардың құқықтары мен бостандықтары билік институттарын демократиялық жолмен қалыптастыру және дамыту. Қазақстанда азаматтық қоғамқ құру туралы дүние жүзі таныған прогресивтік идеялар бекітілді. Ата заң Қазақстан Республикасының азаматтарының өмірі , құқықтары қорғалып мемлекетіміздің дамуы, діни мәселелер, этнос аралық қарым қатынастарүйлесіміне бұлжымас кепіл болды.

БИБЛИОПОСТТЫ осы сілтеме арқылы оқи аласыздр :

https://www.instagram.com/p/CEa2UITpKkW/?utm_source=ig_web_copy_link

Избранные посты
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Тегов пока нет.
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page