top of page

9 - мамыр Ұлы Жеңістің 75 жыл толуына орай соғыс ардагері Жанжұманов Жаманқұл атамызға арналған &qu

Жанжұманов Жаманқұл 1915 жылы Қарағанды обылысы Шет ауданы Ақшоқы ауылында шаруа отбасында туған. Еңбек жолын 1932 жылы сауат ашу мектебінде мұғалім болып бастап, 1938 жылы «Қарасаз» колхозына есепші болып ауысты. Ұлы Отан соғысы бастаған соң, 1942 жылы соғысқа шақырылды, 1946 жылға дейін әскер қатарында болды. Сталинград, Воренеж, Курси доғасындағы шайқастарға қатысты. Украина жеріндегі ұрыстарға қатысып, Днепр өзенінен өтіп Киев қаласын азат етушілердің бірі болды. Житомир қаласы маңындағы 1 –ші, 2 – ші Мариновка селосы мен Белая Церкск елді мекенін алуға қатысқан соң майдан жолы 1944 жылы Молдавияда, Румыния жеріндегі Яссы, Плешт қалаларын жаудан босатып, Югославия, Венгрия жерінен Балтық теңізі жағалауындағы Ресток қаласын жаудан азат етіп, Германия жеріне ойысты.

1945 жылы Пренцлау, Ангермюд, Анклам, Нойбранденбург, Фрилланд, Лихен, Штальзбунд, Гриммен, Деммин, Мальхин, Варен, Везенберг, Росток, Варнемюнде, Барт, Бау, Доберан, Нойбук, Варин, Виттенберг қалаларын алуға қатысушы ретінде Сталиннің алғыс хаты берілді. Майданан оралған соң туған ауылында бейбіт еңбекке араласып ауыл шаруашылығын өркендетуге өз үлесін қосты.

1946 – 1949 жылы «Қызылтеңдік» колхозында басқарма болды.

1949 – 1954 жылы «Абай» калхозының есепшісі, 1954 -1966 жылы аралығында «Абай» калхозының ферма меңгерушісі.

1966 – 1975 жылдары зейнеткерлікке шыққанға дейін Шет, Ағадыр аудандық мал дайындау кеңселерінде дайындаушы.

Ауыл шаруашылығы саласындағы атқарған істері де атаусыз қалмай түрлі марапаттарға ие болды. Атап айтсақ 1958 жылы Қазақ СССР Жоғарғы Совет Президумының Құрмет грамотасы.

1957 жыллы КСРО Министірлігінің «Ауыл шаруашылығындағы социолистік жарысының үздігі» төсбелгісі.

1958 жылы ауыл шаруашылығындағы табыстары үшін «Үлкен күміс медальі».

1957 – 1958 жылдары Бүкілодақтық ауыл шаруашылығының көрмесіне «Абай» калхозы атынан қатысты.

1958 жылы Қазақ СССР мал шаруашылығы министірлігінің ауыл шаруашылық озаттарының республикалық мәслихатына қатысты.

1957 -1959 жылы, 1961 жылы Шет ауданы еңбекшілері кеңестерінің депутаты.

1963 жылы Ақтоғай ауданы еңбекшілері кеңестерінің депутаты.

1960 жылы ауыл шаруашылық озаттарының обылыстық кеңесіне қатысушы.

2005 жылы «Шет ауданының Құрметті азаматы» деген құрметті атақ берілді.

2010 жылы 95 жасында қайтыс болды.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыздар:

Избранные посты
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Тегов пока нет.
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page