top of page

Төменгі Қайрақты ауылдық кітапханасының кітапханашыларының ұйымдастыруымен 2020 жылдың ақпан айының

  • Фото автора: T.kairakty kitaphana
    T.kairakty kitaphana
  • 24 февр. 2020 г.
  • 1 мин. чтения

Шараның мақсаты: Еліміздің болашақ ұрпағын біліммен сусындаған, тапқырлығымен тамсандыратын салауатты, саналы етіп тәрбиелеу, ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

«Шұғыла» шағын орталығының бүлдіршіндердің назарына қазақ халқының аузында сақталып қалған, өзінше өңделген қазақ ертегілермен таныстырып, сүйіп оқуға арналған «Ертегілердің тәтті дәмі» атты кітап көрмесімен кітапханашы Ибрайбекова Айгерім таныстырып өтті.

Кітап көрмесіндегі «Қарынбай» , «Патша мен бүркіт», «Раушан гүл мен Қаршагүл», «Он екі биші Ханшайым», «Мен қалай батыл болам», «Қиял - ғажайып ертегілер», «Қызыл телпек», «Өз үйім - өлең төсегім», «Қымбат қобдиша», «Ең мықты қару», «Кебіс» мысал ертегілері , «Кішкентай маймыл» ашылмалы кітапша, т.б. ертегілермен таныс болды.

Кітапханашы Кенжешова Назерке бүлдіршіндерге «Қызыл телпек» ертегісін дауыстап оқып берді. Бүлдіршіндер ертегіні мұқият тыңдап, ертегі бойынша кейіпкерлерді атап, сұрақтарға дұрыс жауап берді.

 
 
 

Comentarios


Избранные посты
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page