Төменгі Қайрақты ауылдық кітапханасында ақпан айының 14 ші жұлдызында сағат 15:00 де «Ауғаныстан жүр
- Кенжешова Н.К.
- 14 февр. 2020 г.
- 1 мин. чтения
Еске алу кешіне Хасен Сәрінжіпұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасындағы тірек мектебінің 6 – 7 сынып оқушылары, әкім аппаратының бас маманы Серікбаев Айбек , Мәдениет үйінің меңгерушісі Жакупова Меруерт қатысты. Кітапханашы Ибрайбекова Айгерім ауған соғысы жайлы толық мәлімет беріп, Ауған тарихы жайлы бейне үзінді көрсетілді. Серікбаев Айбек сөз кезегін алып Ауған соғысы бұл жарияланбаған соғыс екендігін айтып, елімізде тек бейбіт өмір болсын деген тілегін айтты. Оқырман оқушыларымыз ардагерлерге арналған өлеңдерін оқып , Кенжешова Назерке арнайы жасақтаған «Ауған отты жылдар естелігі» атты суретті көрмесі таныстырып, кеш соңында оқушылар арнайы жасалған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.






Недавние посты
Смотреть все25 қазан Республика күні - тек тарихи оқиға емес, ол елдің бірлігі мен егемендігінің белгісі. Осы орайда Төменгі Қайрақты ауылдық...