top of page
Поиск

Төменгі Қайрақты ауылдық кітапханасында 2020 жылдың қаңтар айының 16 шы жұлдызында сағат 11:00 де «Т

  • Кенжешова Н.К.
  • 16 янв. 2020 г.
  • 1 мин. чтения

Аталмыш іс - шараға Хасен Сәрінжіпұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасындағы тірек мектебінің 3 сынып оқушылары және сынып жетекшісі Аткеева Анар Оралбайқызы қатысты. Ақпараттық сағатты ктапханашы Ибрайбекова А жүргізді.

Ақпараттық сағат 7 бөлімнен тұрды:

1 ші бөлім - «Табиғат деген түсінікті жұмбақ жасыру арқылы шешіп алу» деп аталды. Бұл бөлімде оқушыларға жұмбақ шешу арқылы «Табиғат» сөзіне анықтама берді.

2 ші бөлім - «Жыл қарияның еңбекқор әулеті» деп аталды. Бұл бөлімде кітапханашы Ибрайбекова А ертегіден үзінді оқыды.

3 ші бөлім - «Поэзия минуты» деп аталды. Бұл бөлімде оқушылар өздерінің білетін «Табиғат» туралы өлеңдерін оқыды.

4 ші бөлім - «Мейірімді жүрек» деп аталды. Бұл бөлімде әр бала қасындағы көршісіне яғни досына оның қасиеттерін білдіретін сөздерді жазып жүрекше ұсынды.

5 ші бөлім - «Шығармашылық жұмыс» деп аталды. Бұл бөлімде «Табиғатты аялайық» атты тақырыпта оқушылар сурет салды. Және салған суреттерін қорғады.

6 шы бөлім - «Жас табиғат қорғаушысы және әдепсіз бала» деп аталды. Бұл бөлімде көрініс көрсетілді.

7 ші бөлім - «Жүректен - жүрекке» деп аталды. Бұл бөлімде оқушылар табиғатқа тілек айтып, жүрекшелерге жазып, өсіп тұрған талға апарып ілді.

Кітапханашы Кенжешова Н «Табиғат алтын бесік» атты кітап көрмесімен таныстырып өтті. Шара соңында 3 сынып жетекшісі Аткеева Анар Оралбайқызына сөз беріліп табиғатты қорғау - табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет екендігін және бүгінгі ақпараттық сағаттың өтуіне оң бағасын беріп кітапханашыларға жылы лебізін білдірді. Ақпараттық сағат суретке түсумен аяқталды. Қатысқан адам саны - 11.

 
 
 

Недавние посты

Смотреть все
25 қазан Республика күні.

25 қазан Республика күні - тек тарихи оқиға емес, ол елдің бірлігі мен егемендігінің белгісі. Осы орайда Төменгі Қайрақты ауылдық...

 
 
 
Избранные посты
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page