Төменгі Қайрақты аулдық кітапханасында 2019 жылдың қараша айының 15-ші жұлдызында сағат 11:00 де 15
Аталмыш іс - шараға Мәдениет үйінің, медицина саласының және қаржы экономика саласының қызметкерлері қатысты. Қатысушылар «Табыс» және «Тиын»тобы болып екі топқа бөлінді. Ойын төрт кезеңнен тұрды.
І кезең: «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» екі топқа 11 сұрақ қойылды. «Табыс» тобы 6 сұраққа жауап берсе «Тиын» тобы 5 сұраққа жауап берді.Кітапхана әмиянынан «Табыс тобы» қоржынына 2 тиын салса, «Тиын тобы» 1 тиын салды.
ІІ кезең: «Әр елде - өз валютасы». Екі топқа әр елдәі валютасы қиынды кеспелер арқылы берілді. Бұл кезеңде кеспелерді дұрыс табуда екі топ тең түсті. Қоржындарына екі - екі тиынан салды.
ІІІ кезең: «Менің қиялымдағы теңгем» екі топ өз қиялдарындағы теңгелерін қағаз бетіне түсіріп, суреттерін қорғады. Бұл кезеңде екі топта тең түсіп қоржындарына екі - екі тиынан салды.
ІV кезең: «Кім жүйрік» атты топ басшыларының сайысында 20 сұрақ қойылды. Нәтижесінде «Табыс» тобының топ басшысы 11 сұраққа ал «Тиын» тобының топ басшысы 9 сұраққа жауап берді.«Табыс» тобы екі тиын, «Тиын» тобы 1 тиын қоржынына салды.
Брейн - ринг ойынында «Табыс» тобы 8 ұпай,«Тиын» тобы 6 ұпай жинады. Нәтижесінде «Табыс» тобы жеңіске жетті. Ойын сонында екі топқа қатысқандары үшін алғыс білдіріліп, сый - сияпат берілді.