top of page
Поиск

2 сәуір - Халықаралық балалар күні!

  • Кенжешова. Н.К
  • 1 февр. 2024 г.
  • 1 мин. чтения

Бүгін халықаралық балалар кітабы күні!

Халықаралық кеңестің шешімімен 1956 жылдан бастап дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай 2 сәуір- халықаралық балалар кітабы болып жарияланған болатын. Осы орайда ауылдық кітапханада Хасен Сәрінжіпұлы атындағы ЖББМ-нің 1-2 сынып оқушыларының қатысуымен «Қолға кітап алайық» тақырыбында әдеби керуен өткізілді.

Кітапханашы Н. Кенжешова оқырмандарға кітап күнінің тарихын, Г. Х. Андерсеннің өмірбаянын және оның керемет ертегілері туралы ақпарат беріп өтті.

«Менің сүйікті кітабым» атты ойында орг шынысына фломастермен өздерінің сүйіп оқитын кітаптарын бейнеледі.

«Суретті сөйлет» атты ойында фетыр матасынан қолғап театыры тігіліп оқушылар қай ертегі кейіпкері екенін тапты. Бұл «Алтын сақа» ертегі кейіпкерлері болатын.

Ламинатталып жасалған 6 қанатты киіз үйде «Бауырсақ», «Шалқан» «Мақта қыз бен мысық», «Жыл он екі ай», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Жеті лақ» ертегілері QR код арқылы оқуға және әр ертегіде ойындар берілген. Оқушылар «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісіне пазыл құрастырса, «Бауырсақ» ертегісіне лиуия шеңберін құрап, «Шалқан» ертегісіне үрлеу арқылы шалқанды қозғалту ойынын ойнады.

Сондай-ақ «Балалар әдебиеті жаңа өмірдің бастауы» тақырыбында инсталяцилық көрмеге шолу жасалынды.

«Кітап оқудың ережесі», «Оқыған кітапты ұмытып қалмау жолдары» тақырыбында жаднама, «Балаларға кеңес» тақырыбында буклеттер таныстырылып, керуенде баларға арналған QR кодталған 12 кітап, ертегілерге арналған ширмалар, додокаэдыр, 6 қырлы кигіз үй 6 ертегі ойындарымен жасақталды.Оқушылар ұнаған кітаптарын жаздырып алып іс- шара суретке түсумен аяқталды.






 
 
 

Недавние посты

Смотреть все
25 қазан Республика күні.

25 қазан Республика күні - тек тарихи оқиға емес, ол елдің бірлігі мен егемендігінің белгісі. Осы орайда Төменгі Қайрақты ауылдық...

 
 
 

Comments


Избранные посты
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page