top of page

Төменгі Қайрақты ауылдық окугінің тарихы

Бұл ауылдың бағын ашқан — өндіріс. Жарты ғасыр жырғады! Кемдік көрмеді. Қоғамдағы құбылыс, экономикалық қатынастағы өзгеріс өзіндік қиындық келтіргенімен, кейінгі он жыл бедерінде көшін түзеп алғаны көңілге қуаныш ұялатады.

Қырқыншы жылдың ортасына қарай жер қыртысына бұрғы бойлатып, жеті жылдай жемісті жұмыс жүргізген Қайрақты-Вишнев геологиялық-барлау партиясы Қайрақты кен басқармасының тұсауын кесуге негіз қалады. Ол тоғыз жыл толысқасын кеніш болып қайта құрылып, ширек ғасырдай Ақшатау кен-байыту комбинатының құрамында, кейін дербес шығып, ел экономикасын өркендетуге елеулі үлес қосты.

Кенішпен қанжығалас бой көтерген байыту фабрикасының құрамында қорғасын мен барит бар өнімін Қазақстанда — Шымкент қорғасын зауыты, Одақта — Башқұртстан, Әзірбайжан, Ресей, Өзбекстан, шалғайда Пәкістан, Монғолия, Ауғанстан тұтынды. Ерен еңбектің үлгісін көрсеткен Көшен Кунякеев — Ленин, Жылқыбай Сарбасов Еңбек Қызыл Ту орденін омырауына тақты.

Нарықтық қатынастың тегеурінді талабы өнімі тұтынушысын таппаған кәсіпорынды тығырыққа тіреді. 2005 жылы жекенің иелігіне беру де қиюы қашқан шаруаның шырайын шығара алмады. Ақыры екі жылдан кейін қаңтарылды. Алғашқыда ауылда абыржу аңғарылғанымен, бірен-саран отбасы болмаса, көпшілік көтеріле көшпеді. 2008 жылы қаңтарда Төменгі Қайрақты ауылдық округінің құрылуы үзіле бастаған үмітті жалғады.

Қазір бір ауылдық округке біріккен қос (төменгі және жоғарғы) Қайрақтыда 736 адам тұрады. Оның экономикалық белсенді бөлігі — 386. Осының отыз шақтысынан басқасы әр саладан несібесін тауып жүр. 24 адам кәсіпкерлікті қолай көрген, білім беру саласында — 32 адам. 110 адам «Шұбаркөл», «Солтүстік Қатпар», «Бапы-Майнинг», «Қамысмола» кәсіпорны да вахтамен жұмыс істейді.

Округтегі 13 шаруа қожалығы төрт түлік малмен және жем-шөп дайындаумен айналысады. Олардың иелігінде 864 ірі қара, 1229 қой мен ешкі, 442 жылқы бар. Ал, ауыл тұрғындарының жеке меншігіндегі екі табын ірі қара мен үш отар қой кезекпен бағылады. Бір үйір жылқы бағылымы да нақты жолға қойылған.

Ауылдық округте қазір әкімшілік, кітапхана, мәдениет үйі, орта мектеп, фельдшерлікакушерлік бекет, малдәрігерлік станса, хатхабар бөлімшесі жұмыс істеп тұр.

2018 – 2020 жылдары Төменгі Қайрақты ауылында «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында жаңадан су құбыры тартылды. Аталған бағдарлама аясында ауыл бойынша әр үйге су құбырымен ауыз су жеткізілді.

Бүгінгі таңда"Нәтижелі жұмыспен қамту жол картасы-2020" бағдарламасы аясында "Төменгі Қайрақты ауылының ұзындығы 2.5км төменгі кернеулі 04КВт электр желілеріне жөндеу" жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда "Төменгі Қайрақты ауылдық округі әкімі аппараты ММ ғимаратына жөндеу жұмыстары" жүргізілуде.

Қазіргі таңда ауылымызға көп салалы футбол алаңы бой көтеруде. Аталған жұмысты ЖК «Дария» атқарып жатыр.

Бүгінде Төменгі Қайрақты ауылы жанданып гүлденуде.

Қайрақтым, туған жерім мақтан етем,

Атыңды асқақтатып сақтап өтем.

Өзіңнен алыс кетіп бара алмаймын,

Барсамда сағынып қалғандаймын.

Ыстық екен топырағы, ауасы да,

Кең жайылған табиғат даласы да.

Ыстықсың жан жүрегім туған елім,

Өзіңсің кең пейілді туған жерім.

Избранные посты
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Тегов пока нет.
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page